ӘЧ. Ералхан ел намысын қорғады

20 Қыркүйек 2021, 22:55
3585
Бөлісу:
ӘЧ. Ералхан ел намысын қорғады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ералхан Айкөз Иранның Тегеран қаласында өткен ат үстінен садақ атудан XVI Әлем чемпионатында 1 алтын, 2 күміс медальға ие болды.

Жарыстың алғашқы күні корей стилі бойынша алтын алған Ералхан жарыстың соңғы күні кассай (венгр) стилінде күміс алып, жалпы есеп бойынша да Әлемнің вице-чемпионы атанды.

ӘЧ. Ералхан ел намысын қорғады

Аталған жарыста әлемнің 12 елінен келген 22 спортшы корей, венгр (кассай) және түрік стилі (қабақ) бойынша сынға түскен.

Әлем чемпионатына ұлттық құрама мүшелерін ҚР Жамбы ату федерациясының президенті Нұрлан Әметов бастап барған болатын. Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген федерация басшысы жарыс ұйымдастырушылары мен қатысушыларға Қазақстанның ыстық сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, Бүкіләлемдік ат үстінен садақ ату федерациясы жетекшілеріне қазақ дәстүрімен шапан жауып, сәттілік тіледі.

ӘЧ. Ералхан ел намысын қорғады

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран астанасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Ералхан Айкөз бен Елдос Бадашев ел намысын қорғайтыны жайлы жазған болатынбыз. Сонымен қатар, Ералхан Айкөздің корей стилінде топ жарғаны жайлы хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы