ӘЧ: Әуесқой футболдан ел құрамасы алғаш рет финалға шықты

4 Қараша 2023, 10:11
551
Бөлісу:
ӘЧ: Әуесқой футболдан ел құрамасы алғаш рет финалға шықты
Фото: Артём Чурсинов

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем чемпионатына әуесқой спортшылар қатыса алады.

Жартылай финалда қазақстандық спортшылар Әзербайжанмен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында әзербайжандық футболшылар қатарынан 19-минутта Эшгин Тагиев есеп ашты. Одан кейін қазақстандықтар қатарынан үш гол соғып кетті. Бұл голдар Нұрсұлтан Жүсіпов (30-минут), Жәнібек Сейітжан (41), Оралбек Егізбаев (45) еншісіне жазылды.

Ел құрамасы А тобында сынға түсті. Бұл кезеңде Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 есебімен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы