ӘЧ-2022: Ширек финалда қандай құрамалар ойнайтыны белгілі болды

7 Желтоқсан 2022, 16:31
14352
Бөлісу:
ӘЧ-2022: Ширек финалда қандай құрамалар ойнайтыны белгілі болды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 1/4 финалға өткен барлық құрама анықталды деп хабарлады BAQ.KZ.

Плей-офф кезеңінің төртінші күні ширек финалға Марокко мен Португалия өтті. Африкалық команда 1/8 кезеңінде Испанияны пенальти сериясында 3:0 есебімен ұтып кетті.  Осылайша 10 желтоқсан марокколықтар әлем чемпионаты тарихында алғаш рет ширек финалда ойнайды, қарсыласы – Португалия.

Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда бір-біріне қарсы ойнайтын үш құрама анықталған болатын: Хорватия – Бразилия (матч 9 желтоқсанда), Нидерланды – Аргентина (10 желтоқсан) және Англия – Франция (11 желтоқсан).

Өзгелердің жаңалығы