ӘЧ-2022: Польша жеңілсе де жолдама алды

ӘЧ-2022: Польша жеңілсе де жолдама алды
2142

Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы Польшадан басым түсті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Польша-Аргентина арасындағы ойында Лионель Месси бастаған жігіттер 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Матч есебі 46-минутта аргентиналық жартылай қорғаушы Алексис Макаллистердің голымен ашылды.

Бірінші тайм аяқталар тұста Лионель Месси (38-минутта) Щенсны қорғаған қақпаға пенальтиден гол соға алмады.

67-минутта шабуылшы Джулиан Альварес есепті еселеді.

Гол соққандар: Мак Аллистер 46 (0:1), Альварес 68 (0:2)

Аргентина өз тобында 6 ұпай жинап, бірінші орынмен әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Сонымен бірге 4 ұпай жинаған Польша да бұл кезеңге шығып отыр.

Екі команданың негізі құрамы келесідей:

Польша құрамасы: Щенсны, Кэш, Кривор, Глик, Берешиньский, Белик, Крыховяк, Зелинский, Франковский, Свидерски, Левандовский. 

Аргентина құрамасы: Мартинес, Акуна, Ромеро, Отаменди, Молина, Пауль, ди Мария, Маккал, Фернандес, Альварес, Месси. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы