ӘЧ-2022: Бүгін үш кездесу өтеді

21 Қараша 2022, 12:41
1254
Бөлісу:
ӘЧ-2022: Бүгін үш кездесу өтеді

Бүгін Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының екінші ойын күнінде үш кездесу өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші ойын В тобында Англия мен Иран арасында болады. Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Аталған топтағы тағы бір кездесу АҚШ пен Уэльс арасында елорда уақытымен 01:00-де басталады.

А тобында Сенегал - Нидерланды кездесуі Астана уақытымен 22:00- де басталады.

Бүгін өтетін үш матчта «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілмек.

Еске салсақ, футболдан әлем чемпионатының алғашқы ойынында Қатар құрамасы Эквадордан ұтылып қалды.

Өзгелердің жаңалығы