Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты

25 Сәуір 2023, 12:03
1351
Бөлісу:
Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада «Қазақстандағы азаптауларға қарсы күрестің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстел аясында құқық қорғау органдары жүйесіндегі азаптауларға қарсы күрестің проблемалық аспектілерін талқылау және елдегі азаптауларға қарсы күресті күшейту бойынша мемлекеттік органдарға сарапшылармен бірлескен ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.

Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты

Жиында Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның сөзінше, Парламенттің жұмыс тобына ҚР Қылмыстық Кодексіне, Қылмыстық процестік Кодексіне және Қылмыстық атқару Кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы келіп түскен.

Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты

Бұл заң жобасы қолданыстағы қылмыстық тәжірибеде азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған. Оның бәріне себеп - қаңтар оқиғалары нәтижесінен сабақ алу мақсатында болып отыр, - деді депутат.

Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты

Құспан заң жобасының ерекшелігіне тоқталып өтті.

Осы кезге дейін қылмыстық заңнама бойынша заң жобаларын дайындау, заң жобаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бастамасы прокуратура органдарының монополиясы болып келсе, қазіргі таңда бұл - азаматтық ұйым, азаматтық мекеме Әділет министрлігіне жүктелді. Оны енді бүгін ғана өндірісімізге алып жатырмыз. Соның ішінде ең маңызды мәселенің бірі - Қазақстандағы азаптау фактілеріне қатысты мән-жайлар, - деді Абзал Құспан.

Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты

Ол атап өткендей, қазіргі қолданыстағы заңнамада белгілі бір дәрежедегі мәселелер қарастырылған.

Атап айтқанда, Қазақстан Халықаралық Стамбұл хаттамасын ратификациялаған. Бұл хаттама іс жүзінде жұмыс істеп кеткен жоқ. Стамбұл хаттамасында нормалар бар: егер тергеу органдары қандай да бір азаптау фактілері бойынша қылмыстық істердің тергелуін созып, дұрыс тергемейтін болса, онда арнайы комиссия құрылуы қажеттігі туралы айтылған. Комиссияның құрамында кім болатынына дейін реттелген. Яғни қоғамдағы белсенді құқық қорғаушылар, адвокаттар және басқа да айыптаумен байланысты емес азаматтық тұлғалардың қатысуы жөнінде айтылған, - деді депутат дөңгелек үстелде.

Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты

Абзал Құспан елімізде Стамбұл хаттамасының іс жүзінде орындалуына күш салатынын атап өтті.

Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты

Сонымен қатар Мәжіліс жұмысқа алған заң жобасы өте күрделі болғандықтан жыл соңына дейін созылуы мүмкін.

Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты
Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты
Абзал Құспан азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған заң туралы айтты
Өзгелердің жаңалығы