Абылайхан Жүсіпов Аммандағы турнирді жеңіспен бастады

7 Наурыз 2020, 14:46
1562
Бөлісу:
Абылайхан Жүсіпов Аммандағы турнирді жеңіспен бастады

Алматы, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Абылайхан Жүсіпов Аммандағы іріктеу турнирін жеңіспен бастады деп хабарлайды Olympic.kz.  

69 келіде жұдырықтасқан Жүсіпов турнирге екінші айналымда қосылды. Бүгін ол моңғолиялық Мишил Баттумурмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Абылайханның басымдығымен өткен кездесу аяқталар тұста моңғолиялық боксшының қабағы жарылып, жекпе-жек тоқтатылды.  

Айта кетелік, Абылайхан ширек финалда таиландтық Масуук Вуттичаймен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы