Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған боксшы анықталды, деп жазады Olympic.kz.
Финалда Азия ойындарының күміс жүлдегері Асланбек Шымбергенов пен әлем чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов жұдырықтасқан болатын. Өкінішке қарай, Асланбектің қабағы жарылып кетуіне байланысты төрешілер кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, бұл салмақтағы чемпиондық атақ Абылайхан Жүсіповке берілді. Қуан Қуатов (Павлодар облысы) пен Аятолла Тәкежанов (Павлодар облысы) Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегерлері.
Оқи отырыңыз: