Әбілқайыр ханды өзбек ғалымдары қазақ дейді - Бүркітбай Аяған

8 Қаңтар 2024, 12:44
8417
Бөлісу:
Әбілқайыр ханды өзбек ғалымдары қазақ дейді - Бүркітбай Аяған
Фото: Артём Чурсинов

Көшпелі өзбек ханы Әбілқайыр хан өзбек пе, қазақ па? Мемлекет тарихы институтының директорының орынбасары, тарих ғылымдарының доктары Бүркітбай Аяған Әбілқайыр ханның кім екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына орай "Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар (Шейбандар, Шайбақтар) Әулеті (Ібір-сібір, Дешті-қыпшақ, Мәуереннахр аймақтарында)" халықаралық зерттеу тобының ұжымдық монографиясының салтанатты тұсаукесері өтті.

Жошы ұлысының өмірі қызық... "Сибан" (Шибан) Жошының кіші ұлы болған. Сол заманда Жошының балалары ерегесіп, олар бірнеше ұлыстарға тарап кетті. Жошының ұрпақтары Қазан хандығы, Сібір хандығы және Қазақ хандығы секілді ұлыстардың  негізін қалады. Ең қызығы, ескі концепция бойынша (еск - көшпелі өзбектер ханы) Әбілқайыр хан қазаққа жау ретінде жазылған. Шын мәнінде, тұлғаны зерттеген кезде оның ешқандай жау еместігіне көзіміз жетеді. Оның туған жері Атырау, хан болып тұрған жері Сібір аймағы. Қазақтың солтүстік аймағының біразы бөлігі Сібір хандығына кірген. Оның үстіне қазақтың орта және кіші жүздің бірнеше тайпалары сол хандықтың құрамында болған. Әбілқайырдың Жәнібек пен Кереймен кикілжіңі 1400 жылдары Сығанақ аумағына келгенде басталды. Жалпы Әбілқайыр ханның туған жері де, жерленген жері де Қазақстан. Ескі советтік түсінік бойынша оны өзбек деп атайтынбыз. Ал ең қызығы, өзбек ғалымдары оны қазақ дейді. Оны Дешті-қыпшақтан шыққан деп есептейді, - дейді тарихшы конференцияда.

Тарихшының айтуынша, өзбек ғалымдары Әмір Темір әулетіне көңіл бөледі, олар тіпті "Шибан" ұрпақтарын қарақшы қылып көрсеткен. Сол себепті "Шибан" тарихы қазақ тарихы үшін ажырамас мұра.

Әбілқайыр ханды өзбек ғалымдары қазақ дейді - Бүркітбай Аяған
Өзгелердің жаңалығы