Абхазия президенті коронавирус жұқтырды

27 Желтоқсан 2020, 18:50
1229
Бөлісу:
Абхазия президенті коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абхазия президенті Аслан Бжания коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі журналистерге хабарлаған деп жазды РИА Новости.

Абхазия президенті Аслан Бжанияда коронавирус анықталды. Вирус жұқтыру салдары жеңіл түрде өтуде. Аслан Бжания өзін жақсы сезінеді. Амбулаторияда  емдеу курсын алып жатыр, - делінген хабарламада.
Айтуынша, Бжания өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен.
Абхазия президенті өзінің Сухумадағы резиденциясында, - деп нақтылады ел басшысының баспасөз қызметі. 


Өзгелердің жаңалығы