Абдрахманов: Елбасы өзінің көшбасшы ретіндегі міндетін абыроймен атқарды

30 Қараша 2021, 13:46
775
Бөлісу:
Абдрахманов: Елбасы өзінің көшбасшы ретіндегі міндетін абыроймен атқарды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің депутаты Қазақстан халқын келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Адам алдынан түрлі сынақтар тосып тұрады. Ал тарих халықтың алдынан түрлі сынақтар күттіреді. Аллаға шүкір, қазақ халқы өткен ғасырдың соңында алдынан шыққан сынаққа лайықты жауап берді. Тарихтың тар кезеңінде өзінің елім деген ерін тарих сахнасына шығарды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көшбасшы ретіндегі міндетін абыроймен атқарды. Халқымызды осы 30 жыл ішінде талай-талай белестерден, талай-талай сынақтардан өткізіп, бүгінгі биігіне алып келді, – деді Мәжіліс депутаты.
Ол сөзін жалғай отырып, елімізге амандық, тыныштық тіледі.
Тұңғыш Президент күнінде барша қазақстандықтарға жақсылық, амандық, бейбітшілік, әсіресе өзі салдырған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына дәйім жақсылық, қуаныш тілейміз! Елбасымыз салдырған қалада жарқын күндеріміз жалғаса берсін, – деді Сауытбек Абдрахманов.

Өзгелердің жаңалығы