Әбдіжәміл Нұрпейсіов үлкен жүректі қаламгер еді – Мәулен Әшімбаев

5 Ақпан 2022, 14:22
1631
Бөлісу:
Әбдіжәміл Нұрпейсіов үлкен жүректі қаламгер еді – Мәулен Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақтанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейсіовтің жақындары мен отбасына көңіл айтты. Бұл туралы  Мәулен Әшімбаев Instagram желісінде жазды.

Әбдіжәміл аға ұлттық әдебиетімізді жаңа биікке көтерген, сол жолда бүкіл ғұмырын сарп еткен үлкен жүректі қаламгер еді. ХХ ғасырда халқымыздың басынан өткен небір зобалаңның куәгері болды. Соғыс жылдарында да қан майданның ортасынан табылды. Соның бәрінде тағдырына еш мойымай, ірілік пен өрліктің озық үлгісін көрсетті, – деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат төрағасы жазушының шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына болып қала беретінін айтты.

Жазушының қаламынан туған «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары және басқа да шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына болып қала береді. Ағамыздың жарқын бейнесі әрдайым біздің жадымызда асқақ қалпында сақталады. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, – деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы