Әбдіжәміл​ Нұрпейісов​ адам​ жанын​ терең​ түсінетін қаламгер болды – Президент

7 Ақпан 2022, 11:19
2034
Бөлісу:
Әбдіжәміл​ Нұрпейісов​ адам​ жанын​ терең​ түсінетін қаламгер болды – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы тұрғындары аса​ көрнекті​ қаламгер,​ Қазақстанның​ Еңбек​ Ері,​ Халық​ жазушысы,​ Екінші дүниежүзілік соғысының​ ардагері​ Әбдіжәміл​ Кәрімұлы​ Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды.

Қаралы жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.

Аса​ көрнекті​ қаламгер,​ Қазақстанның​ Еңбек​ Ері,​ Халық​ жазушысы,​ Екінші дүниежүзілік соғысының​ ардагері​ Әбдіжәміл​ Кәрімұлы​ Нұрпейісовтің​ дүниеден​ өтуіне​ байланысты​ көңіл​ айтамын.​ ​

Әбдіжәміл​ Кәрімұлы​ –​ сұрапыл​ соғысты​ бастан​ кешіп,​ елге​ оралған​соң,​ қазақ​ әдебиетін​ өркендетуге​ сүбелі​ үлес​ қосты.​ ​

Ұзақ​ жылғы​ шығармашылық​ қызметі​ жемісті​ болды. «Қан​ мен тер»​трилогиясы, «Соңғы​ парыз» дилогиясы​ сияқты​ туындылары​ сыншылар​мен​ оқырмандар​ тарапынан​ жоғары​ баға​ алды. Заман​ жүгін​ көтерген​ романдары​ әлемнің​ көптеген​ тілдеріне​ аударылды.​ ​
Әбдіжәміл​ Кәрімұлының​ жаңа​ белесті​ бағындырған​ қазақ​ әдебиетін​ шетелге​ танытуға​ сіңірген​ еңбегі​ орасан​ зор. Ол​ ұлт​ руханиятының​ көшбасшысы​ болды.​ ​

Әбдіжәміл​ Нұрпейісов​ адам​ жанын​ терең​ түсінетін,​ түрлі​ тағдырдың ​бейнесін​ көркем​ суреттей​ отырып​ оқырманға​ жеткізген​ ойлы,​ кең​ тынысты​ жазушы​ болатын.​ Өмір​ бойы​ қолынан​ қаламы​ түскен​ жоқ.​ Қазақ​ елінің​ рухани-мәдени​ саласын​ дамыту​ жолында​ өлшеусіз​ қызмет​ атқарды.​ ​

Ол​ ұлт​ классиктерінің​ жолын​ лайықты​ жалғастырған​ қуатты​ қаламгер.​Солайша,​ өзі​ де​ қазақ​ әдебиетінің​ патриархына​ айналды.​ ​

Әбдіжәміл​ Нұрпейісовтің​ соңында​ ұрпаққа​ үлгі,​ ұлысқа​ игілік​ болатын​шығармалары​ қалды. Елге​ ес,​ сыртқа​ сес​ болған​ жазушының​ енді​екінші​ өмірі​ басталды.​ ​

Өнегелі​ ғұмыр​ кешіп,​ соңында​ мол​ мұра​ қалдырған​ Әбдіжәміл ​Кәрімұлының​ жарқын​ бейнесі​ ұмытылмайды.​ ​
Халқымыз​ есімін​ әрдайым​ ардақ​ тұтады.​ ​

Марқұмның​ иманы​ саламат,​ жаны​ жәннатта​ болсын, - делінген көңіл айту жеделхатында.

 

 

Өзгелердің жаңалығы