Әбдіқалықова мерекемен құттықтап, ұстаздарының суретімен бөлісті

4 Қазан 2020, 16:32
2807
Бөлісу:
Әбдіқалықова мерекемен құттықтап, ұстаздарының суретімен бөлісті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook-тегі парақшасында ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! «Ұстаз» деген ұлы ұғымда ұлылық та, жылылық та бар. Барлық кәсіп иесі, ол дәрігер не кәсіпкер болсын, ол ақын не әкім болсын ұстаздан білім-тәрбие алып шығады. Бүгінге дейін мен де өзімді білім шыңына жетелеген аяулы ұстаздарымның алдында бала шәкірттей сезінемін. Нағыз ұстаз болу кез келгенге бұйыра бермеген бақыт. Өз ұстаздарымды сол бақытты еселеген жандар деп түсінемін, - деп жазды ол.

Әбдіқалықова мерекемен құттықтап, ұстаздарының суретімен бөлісті

Әкім өзіне білім берген ұстаздарын ешқашан ұмытпайтынын айтты.

Әбдіқалықова мерекемен құттықтап, ұстаздарының суретімен бөлісті

Мен білім алған Қызылорда қаласының қақ ортасында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектепте түрлі пәннен сабақ берген Райхан Көшкінова, Сара Тайманова, Кәмила Әбілова, Алуа Разақова, Ксения Тимофеевна Цой, Үміткүл Айманова, Айша Үсенова, Тоқсұлу Көшербаева, Күлбарам Сәдуақасова, Спандияр Дүйсеков, Жүсіп Ахметов сияқты ұстаздарымды күні бүгінге дейін ұмытқан емеспін. Өкінішке қарай, олардың кейбірі арамызда жоқ. Алғашқы ұстазым - Айша Үсенова апай. Жетінші сыныпқа дейін Үміткүл Айманова апай, сегізінші сыныптан бастап бітіргенше, Сара Тайманова апай сынып жетекшіміз болғанын айта кетейін, - деді ол.

Әбдіқалықова мерекемен құттықтап, ұстаздарының суретімен бөлісті

Әбдіқалықова ұстаздарының сабақта түрлендіріп өткізіп, қызықты шаралар жасаудағы тынымсыз еңбегіне, сабақты ынта-шынтасымен түсіндіргендегі сәтін еске алса, таң қалатынын да жасырмады. 

Әбдіқалықова мерекемен құттықтап, ұстаздарының суретімен бөлісті

Жұмысты беріліп істеу үлкен энергияны қажет етеді. Ұстаздарымның көбі - көпбалалы. Соған қарамастан үйде бала тәрбиелеуге, мектепте бізге білім нәрін беріп, нағыз мұғалім екенін көрсетуге күш-қуаты жететін. Оларда бүгінгідей дайын тұрған көрнекі құралдар да жоқ. Бізге қолымен жасап әкелген көрнекілігінің өзі көрнекті көрінетін. Қазіргі ұстаздар да оқушыларға өз заманына лайықты білім беруде дәл осы ұстаздардай еңбек етіп жүр деген ойдамын, - деді әкім.

Әбдіқалықова мерекемен құттықтап, ұстаздарының суретімен бөлісті

Оның айтуынша, мектебінің түрлі жылдардағы түлектері тәуелсіз еліміздің төрт бұрышында абыройлы еңбек етіп, сүйікті Отанымыздың көркейіп-көріктенуіне сүбелі үлес қосуда. 

Әбдіқалықова мерекемен құттықтап, ұстаздарының суретімен бөлісті

Олардың арасында менен басқа облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов, кәсіпкер-меценаттар Рая Үдербаева, Асқар Махамбетовтер де бар. Бүгін бірнеше ұстазымның үйіне төл мерекесімен құттықтап барып, шәкірт екенімді тағы бір сәт сезіну бақыты бұйырып тұр. Өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстаздарымызға қандай мақтау, мадақ айтсақ та жарасады. Дарынды да талантты, тәлімді де тәрбиелі шәкірттеріңіз көп болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, шығармашылық табыс тілеймін! Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар!, - деп тілегін білдірді Гүлшара Әбдіқалықова.

Өзгелердің жаңалығы