Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абайды тануда белгілі бір әмбебаптық жоқ – Ербол Тілешов

13 Тамыз 2025, 13:38
775
Бөлісу:

Абай танымының құпиясы неде? Абайдың жұмбағын әр нәрседен іздеп жүрміз бе? "Әдебиет порталының" кезекті Yоutubе жобасында осы тақырып талданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі абайтануда олқылық бар. Абайдың өмірдерегін, оның мәтінін зерттеумен, заманын ақындармен байланыстыру қажет-ақ. Абай және Алаш деген тақырып та тыс қалмаған дұрыс. Бірақ Абайдың танымы неден қалыптасты? Біз әуелі соның себебін айтуымыз керек. Бізде салдар көп. "Абай – ағартушы, ойшыл, бәрін айтып қойған" деген ұғымға төселгенбіз. Бұл – бүгінгі біздің көріп отырған нәтижеміз, салдарымыз, - деген ойларын айтады ғалым.

Сондай-ақ Ербол Тілешов Абайды зерттеде жіберілетін олқылықтар жөнінде баяндады.

Осы күнгі бағалауымызға дейін Абай қалай зерттелді? Қандай деңгейде болды? Сондықтан абайтануға осындай танымдық тұрғыдан қарауымыз керек. Өкінішке қарай, әдебиеттану, психология, тіпті бүгін шығып жатқан психофизиология, генетика, өнертану осының барлығында Абайды кешенді қарастыру жолға қойылмаған. Қазіргі жағдайда әдебиеттанушылар, тілшілер, философтар – әрқайсысы өз бетімен жүр. Бізде осындай бір ғылыми тоғысу, ғылымдардың түйсінінде қарау, пәнаралық ғылымдар жоқ. Тіпті бізде ондай мамандар да қалыптаспаған. Осы тұрғыда белгілі бір дәрежеде әмбептық жоқ, - дейді белгілі ғалым.

"Әдебиет порталының" "Әдеби дискурс" Yоutubе жобасын толық мына жерден көре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы