Абайдағы өрт. Архиповтің жақындарына ресми құрбан ретінде жәрдемақы төленуі мүмкін бе?

15 Маусым 2023, 13:35
1628
Бөлісу:
Абайдағы өрт. Архиповтің жақындарына ресми құрбан ретінде жәрдемақы төленуі мүмкін бе?
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Абай облысындағы төтенше жағдайда денесі табылған тракторшы Сергей Архиповтің жақындарына ресми құрбандарға төленетін жәрдемақы беріле ме" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан 15 орманшыға қатысты. Тракторшы Сергей Архиповқа қатысты әртүрлі нәрсе айтылуда. Бірақ кеше Бас прокуратура ол ресми құрбандар қатарына жатпайды деді. Ол (Архипов – ред.) құрбандар қатарына жатқызыла ма және оған мемлекет тарапынан ресми көмек бөліне ме?" деп сұрады тілші министрден.

Бізде асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекет, қазына және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тарапынан белгілі мөлшерде арнайы жәрдемақы бөлінеді. Осы қаражат төленуі тиіс деп ойлаймын. Ал «Қазақстан халқына» қорынан төленетін төлемге келер болсақ, ол мемлекеттің құзыретіне жатпайды. Бұл жерде сұрақты оған (Архиповке – ред.) басқа құрбандарға төленетін қаражат төлене ме, жоқ па деген сұрақты қорға қойғандарыңыз дұрыс, - деді ведомство басшысы Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, орман өртін өшіруге аттанған Сергей Архипов хабар-ошарсыз кеткен болатын. Бірнеше күннен соң азаматтың өрт аймағынан тракторы, кейін денесі табылды.

Өзгелердің жаңалығы