Абай жан-тәнімен толық адам болу даналығын ұсынды - Понтифик

14 Қыркүйек 2022, 11:09
1635
Бөлісу:
Абай жан-тәнімен толық адам болу даналығын ұсынды - Понтифик

Біз жер бетіндегі өзіндік сұраныстарымызды, экономикалық сипаттағы сұраныстарымызды қанағаттандыру үшін ғана өмір сүрмейміз.  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысында Рим Папасы Франциск осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай діни ұғымдарының арқасында халықының рухындағы діни түсініктерді жеткізді. Ол барлық жан-тәнімен лайықты адам болу даналығын ұсынды. Мен әртүрлі өзімнің тәжірибелеріммен бөлісуге дайынмын. Абай әдемлікітің көркі неде дейді немесе тіршілік етудің мәні неде деген сауал қояды. Өмір жолында қайда бара жатқанын өзіне сұрақ ретінде қойды. Бұл дінге деген қажеттілікті алып келетін сұрақ. Біз жер бетіндегі өзіндік сұраныстарымызды, экономикалық сипаттағы сұраныстарымызды қанағаттандыру үшін ғана өмір сүрмейміз.  Біз өмірбойы өзіміздің аспан астындағы көзқарасымызды кеңейтеміз. Бізге көптеген сұрақтарға жауап іздеу керек. Бізге рухани әлемді байыту қажет. Абай айтқандай, жан тіршілігін рухпен ұштастыру керек, - деді Рим папасы.

Өзгелердің жаңалығы