Абай тойы қазақ елін әлемге танытады

18 Қаңтар 2020, 01:22
2070
Бөлісу:
Абай тойы қазақ елін  әлемге танытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мерейтой аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды абаттандыру, ұлы ақынның рухына тағзым етуге өңірімізге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.

Бұл туралы Абайдың "Жидебай-Бөрілі" Мемлекеттік қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір мәлімдеді.

Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шараларға қомақты қаржы бөлініп отыр. Бұл ағымдағы жылы елдігіміз бен руханиятымыз үшін аса маңызды, мемлекеттік қана емес, халықаралық деңгейде атқарылатын зор міндет. Биыл осы мерейтой аясында жоспарланып отырған шаралардың ішінде ірі халықаралық және республикалық қоғамдық маңызы бар, ғылыми, ағартушылық іс-шаралар, Абай мұрасын насихаттауға бағытталған көрмелер, жалпы ақын өмірінен сыр шертетін құнды жәдігерлерді сақтап отырған музей саласына жұмсалатын болады, – деді музей директоры. 

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласында атап өткендей Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру жоспарланып отырғанын айтты.

Бір сөзбен айтқанда бұл той Ұлы ақын Абайдың рухына тағзым етіп, мұрасын дәріптеп, барша әлем жұртшылығына Абайды таныту, қазақ елінің мәдениеті мен руханиятын паш ету үшін өткізілмек, – деді Жандос Әубәкір. 


 

Өзгелердің жаңалығы