Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай шахтасындағы апаттың себебін атады.
7 қарашада Қарағанды облысындағы «Абай» кенішінде апат болып, салдарынан 6 адам қаза тапқан болатын.
Ең алдымен өз атымнан және үкіметтік комиссия атынан 7 қарашада болған апат салдарынан жақындарынан айырылғандарға көңіл айтқым келеді. Комиссия толық құраммен жұмысты жүргізді. Ол елдің Премьер-министрінің тікелей тапсырмасымен құрылған болатын, - деді министр.
ТЖМ басшысы тергеу амалдары қалай жүргізілгеніне және апаттың себебіне тоқталды.
2 қарашадан 4 қарашаға дейінгі аралықта барлау және кеңейтілген шрифтерді бұрғылауға дайындық жұмыстары жүргізілді. Бұл газдинамикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік берді және метанның бөлінуін болдырмайды. 7 қарашада таңғы сағат 8:00-де ауысым болды, бұл бұрғылау жұмыстарын жалғастыруға байланысты жұмыстардың жекелеген түрлеріне дайындалған техникалық ауысым, бұл кезеңде бұрғылау жұмыстары жүргізілмеген. 8:20 уақытта датчиктер арқылы метан шығарындының көбейгені анықталып, 20-30 секунд ішінде 41%-дан асқан. Бұл адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті, - деп түсіндірді Юрий Ильин.
Оның сөзінше, шахтадағы газ құрамының шегінен асып кетуін жедел іс-шаралардың арқасында кезекшілікте болған диспетчер анықтап, электр қуатын өшіру туралы шешім қабылдаған.
Кезекші диспетчердің іс-әрекетінің арқасында кеншілер аман қалды, өкінішке қарай, 6 адамды апат салдарынан қайтыс болды. Сонымен қатар шахтадағы осы оқиғаның салдарынан зардап шеккен екі адам аман қалды, - деді ол.
Апатқа тергеу жүргізу барасында комиссия бұл оқиға қызметкерлердің жұмыс орнында және жұмыс уақытында еңбек міндеттерін орындау кезінде апат салдарынан болғанын анықтады. Яғни ол өндірістегі жазатайым оқиға ретінде есепке алынады және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актілермен ресімделеді. «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы қауіпті кәсіпорынның иесі бола тұра, еңбектің қауіпсіздігі жағдайын және тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орындарында кез келген қауіп-қатердің алдын алуды қамтамасыз етпегендігіне, сондай-ақ қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері мен олардың салдарларының алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шаралардың толық көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз етпегендігі үшін жауапты, - деп айтты Ильин брифингте.
Комиссия себеп-салдарын жою және орындау мерзімдері бар және осы тәрізді апаттарға жол бермеу бойынша 37 іс-шара әзірледі.