Республикалық Абай оқуларында 56 оқушы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті.
Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды: I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы; II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы; III дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:
«Бас жүлде» — Шығыс Қазақстан облысы;
1-орын — Абай облысы;
2-орын — Қарағанды облысы;
3-орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.
Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді.
Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушы қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.