Абай облысының жүргізушілеріне маңызды хабарландыру жасалды

21 Ақпан 2024, 15:22
2923
Бөлісу:
Абай облысының жүргізушілеріне маңызды хабарландыру жасалды
VIDEO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Бүгін сағат 18.00-ден бастап Абай облысы бойынша барлық бағытта республикалық маңызы бар автожолда уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысында тұрақсыз ауа райы байқалады, ауа температурасы - 41 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейіп тұр.

Қауіпсіздік мақсатында бүгін сағат 18.00-ден бастап Абай облысы бойынша барлық бағытта республикалық маңызы бар автожолда дизелді отынмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Абай облысында тұрақсыз ауа райы байқалады, ауа температурасы -41 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейіп тұр. ‼️Қауіпсіздік мақсатында бүгін сағат 18.00-ден бастап Абай облысы бойынша барлық бағытта республикалық маңызы бар автожолда дизелді отынмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Құрметті жүргізушілер, ауа райы тұрақталғанша ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз.
Өзгелердің жаңалығы