Абай облысының жәдел жәрдем дәрігерлері ауылдарға жаңа санавияциямен барады

16 Қаңтар 2023, 19:23
827
Бөлісу:
Абай облысының жәдел жәрдем дәрігерлері ауылдарға жаңа санавияциямен барады

Абай облысындағы жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері енді шалғайдағы ауылдарға кешікпей барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдің медицина мамандары бұған дейін «АН-2» ұшағымен алыстағы елді мекендерге екі-үш сағатта жететін. Ал денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы сыйға тартқан «L-410» лайнері екі есе жылдам. Ұшақ бір мезетте 5 дәрігерді қоса алғанда 3 науқасты тасымалдайды. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Әуе кемесі 1000 шақырымға дейін және 50 градусқа дейінгі суық пен ыстықта да ұша алады. Жаңа ұшақпен 4 науқасқа көмек көрсетілді. Аймақтың санитарлық авиация қызметі былтыр 185 рет ұшып, 222 адамға медициналық жәрдем ұсынған. Оның 75-і - бала. Сондай-ақ Семейдің белді дәрігерлері аудандарға барып, 14 күрделі операция жасаған. 

Бұл ұшақтың ерекшелігі, жер талғамайды. Кез келген жерге қона алады. Мәселен, қыста қар үстіне қонуға мүмкіндігі бар. Бір сөзбен айтқанда, алыс ауданы, шалғай ауылы көп біздің өңірге таптырмайтын ұшақ, - дейді  ұшқыш Әділет Мұқатов.

«АН-2» ұшағымен бұған дейін 2 сағат 20 минут ұшсақ, бүгін міне 60 минутта жеттік. Қандай тамаша! Алғашқы ұшуымызда Үржар ауданына барып, инсульт алған жүкті әйелді қалаға жеткіздік, - деді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының шұғыл ж өлімінің меңгерушісі Нажия Пронина.

Өзгелердің жаңалығы