Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан азаматты ұстады

18 Қыркүйек 2023, 13:54
680
Бөлісу:
Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан азаматты ұстады
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

26 тамызда Абай облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Құқықтық тәртіп”, “Қарасора – 2023” ЖПІШ өткізу барысында есірткінің синтетикалық түрлерін заңсыз таратқаны үшін Шығыс Қазақстан облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту жүргізу барысында жалдамалы пәтерде ұнтақ түріндегі заты бар полимерлі пакет табылып, тәркіленді.

Қорытындыға сәйкес, зерттеуге алынған заттың салмағы 45,89 грамм, А-PVP психотроптық зат. Тінту барысында өлшеп-орау үшін қажетті құралдар, атап айтқанда таразы, 20 қаптама мөлшеріндегі жаңа зип-пакеттер, жабысқақ ленталар мен магниттер тәркіленді.

Қара нарықта ірі көлемде синтетикалық есірткілердің партиясының құны шамамен 1 млн 350 мың теңгені құрайды.

Бұл партия – 150-ден астам бір реттік доза. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Өзгелердің жаңалығы