Абай облысының полиция қызметкері QAZAQ KURESI бойынша әлем чемпионы атанды деп, хабарлайды BAQ.KZ POLISIA.KZ сілтеме жасап.
Әлем біріншілігі 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтті. Жарысқа 20 елдің спортшылары қатысты.
Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық жекпе-жекте румын спортшысын жеңді.
Сафуан-QAZAQ KURESI бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы.