Абай облысының оқушылары онлайн форматта оқиды

14 Ақпан 2024, 10:38
339
Бөлісу:
Абай облысының оқушылары онлайн форматта оқиды
Фото: Мәди Искаков - архив

Абай облысында 2024 жылғы 14 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты IІ ауысымдағы оқушылар онлайн форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталған хабарлама Абай облысының келесі аудандарына қатысты:

Ақсуат ауданындағы 5 мектептің 1-11-сынып оқушылары 

Жарма ауданындағы 4 мектептің 1-9-сынып, 

14 мектептің 1-4-сынып оқушылары 

Бесқарағай ауданындағы 2 мектептің 1-11-сынып оқушылары 

Бородулиха ауданындағы барлық мектептің 1-11-сынып оқушылары 

Семей қаласындағы барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы