Абай облысының мектептеріне 13 жаңа автобус берілді

18 Желтоқсан 2023, 02:28
563
Бөлісу:
Абай облысының мектептеріне 13 жаңа автобус берілді
Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысындағы білім ошақтарына жаңа автобустар берілді. Меткеп оқушыларын тасымалдауға арналған шағын
автобустар кілті Тәуелсіздік күніне орай мектептерге табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушыларға 13 көлік құралы сатып алынды. 9 шағын автобус және 4 автобус Семей қаласы, Бесқарағай, Абай, Жарма, Аягөз, Бородулиха аудандарына жол тартты.

Жаңа темір тұлпарлар америкалық үлгіде құрастырылған. Газель 13 жолаушыға, шағын автобустар 22 жолаушыға арналған. Автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, сөмкелерге арналған сөрелер және бейнекамералармен жабдықталған. Автобустардың есіктері ашық болған кезде автоматты түрде бұғатталады. Мемлекеттік және орыс тілінде айтылатын дыбыстық хабарламалар қосылған. Лизинг арқылы сатып алынған автобустар қосымша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғылармен және 4 камерамен жабдықталған.

Айта кетсек, бұған дейін облыста жаңа автобустар алынбаған. Келесі жылы тағы 3 газель мен 2 автобус сатып алу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы