Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысының бір ауданында карантин жарияланды

6 Сәуір 2025, 22:53
742
Бөлісу:
 Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Абай облысы Жарма ауданы Бұлақ ауылында ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, аймақта 200-ге жуық мал бруцеллез жұқтырған.

«Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан 193 бас ірі қара мал союға жіберілді. Барлық ауру зертхана арқылы расталды», - делінген басқарманың хаарламасында.

Осыған байланысты өңірде ветеринарлық талаптарға сай карантиндік шаралар жүргізілген.

Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, бұл елді мекенде соңғы үш айда 50-ге жуық бруцеллез тіркелген. Мамандар жағдайды тексеріп, бақылауды жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы