Абай облысының баспана кезегіндегілерге 150 пәтер беріледі

6 Желтоқсан 2023, 20:49
611
Бөлісу:
Абай облысының баспана кезегіндегілерге 150 пәтер беріледі
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысы әкімінің төрағалығымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешуге бағытталған облыстық қоғамдық жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыс барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, Аягөз ауданы бойынша көпбалалы отбасылармен жұмыс жасайтын комиссияның атқарған жұмысы, Семей қаласының Комсомол кентінің инфрақұрылымын дамыту (жолаушылар тасымалы, жарықтандыру, аялдама, жол жөндеу және т.б.), сондай-ақ жеке сот орындаушыларының алиментті өндіру жұмысы талқыланды. 

Абай облысының баспана кезегіндегілерге 150 пәтер беріледі

Мәселен, 2023 жылдың 10 айында 527 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде әлеуметтік жағынан осал отбасылар – 244, көпбалалы отбасылар – 161, жетім балалар – 55, баспанасы қауіпті деп танылған ҚР азаматы – 14 отбасы. 

Жыл соңына дейін тағы 150-ге жуық пәтер беру жоспарланған. Қазіргі таңда облыста мемлекет қаржысына 26 несиелік үй салынып жатыр. Сол арқылы баспанаға мұқтаж тұрғындарға 1500-ге жуық пәтер кілтін табыстауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Абай облысының баспана кезегіндегілерге 150 пәтер беріледі

Жиын қорытындысында көтерілген мәселелерді Абай облысының әкімі протоколға енгізіп, тиісті тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы