Абай облысының әкімі алапат өрттің әлі басылмағанын айтты

13 Маусым 2023, 06:23
875
Бөлісу:
Абай облысының әкімі алапат өрттің әлі басылмағанын айтты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аймақтағы қазіргі ахуал бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір басшысы алдымен жалынның әлі басыла қоймағанын, десе де орман өртінен жақын аумақтағы ауылдарға қауіп жоқ екенін жеткізді.

Біріншіден, облыс территориясындағы алапат өрт әлі басылған жоқ. Өрт сөндірушілер арнайы техникаларды қолданып, тілсіз жаумен күндіз-түні күресіп жатыр. Жақын аумақтағы ауылдарға қауіп жоқ, бұл біздің бақылауымызда. Жақын елдімекендердің тұрғындарын эвакуацияладық, азаматтарымызға қажетті азық-түлік жеткілікті. екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қажетті шараларды қолға алудамыз. Үкіметпен бірлесіп, өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына материалдық жағынан толық көмектесуді қамтамасыз етеміз, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Өзгелердің жаңалығы