Абай облысындағы өрт: Төтенше жағдайлар министрі шұғыл оқиға орнына шықты

15 Шілде 2023, 17:23
872
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт: Төтенше жағдайлар министрі шұғыл оқиға орнына шықты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды, - делінген хабарламада. 

Бородулиха ауданында жұмыс сапарымен жүрген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та Бесқарағай ауданындағы Шошқалы көлінің маңынан шыққан өртке байланысты оқиға орнына шұғыл жолға шыққан.

Айта кетейік, бүгін 15 шілде күні, Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына қарасты Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жанғаны туралы ақпарат тарада.

Өзгелердің жаңалығы