Абай облысындағы өрт қайта жанданды ма? Министрлік жауап берді

16 Маусым 2023, 15:02
818
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт қайта жанданды ма? Министрлік жауап берді
VIDEO
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы орман өрті қайта өршіді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Абай облысы Шүлбі кентінің маңындағы қою түтінге қатысты жауап берді.

Айта кетейік, Besh Telegram-каналында Абай облысында өрт қайта өршіп, Шүлбі кентінің маңын қою түтін басқаны жайлы видео пайда болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді.

Видео Шүлбі кентінің маңында түсірілген. Бұл жаңадан шыққан өрт емес. Оқшауланған өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі жағдайды ескере отырып, күштер мен құралдар қайта топтастырылған. Төтенше жағдайлар министрі сол жақта жүр. Жағдай толығымен бақылауда, - деп сендірді министрлік.

Министрліктің айтуынша, өрттің оқшаулануы – бұл өртті сөндіру сатысы. Осы кезде елді мекендерге қауіп төнбейді, өрттің таралуы тоқтатылады және қолда бар күштер мен құралдар оны толықтай сөндіруге жұмылдырылады. «Семей орман» табиғи резерваты аумағында табиғи өрт толық өшірілгенге дейін тұрақты түрде аэровизуалды бақылау жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы