Абай облысындағы ірі өрт сөндірілді

9 Шілде 2024, 03:45
308
Бөлісу:
Абай облысындағы ірі өрт сөндірілді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысының Жарма ауданында ашық аумақта мал қораның шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылардың күшімен ауданы 400 шаршы метр өрт толығымен жойылды.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары оқыс жағдай туындағанда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы