Абай облысында жылу желісінің 65%-ы тозған: Сенатор мәселе көтерді

20 Қазан 2022, 11:25
763
Бөлісу:
Абай облысында жылу желісінің 65%-ы тозған: Сенатор мәселе көтерді

Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында депутат Бақытжан Байахметов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сенатор Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында жылу және электр энергетика нысандарын қайта жаңғыртуды ұсынды.

Статистика деректеріне сәйкес, Абай облысы бойынша жылу құбырының жалпы тозуы 65%-ды құрайды. Бұл – елдегі ең жоғары көрсеткіш. Осы жағдай жылу беру кезеңінде жылу қуатының тапшылығы мен авариялық жағдайларға себеп болады және жұмыста технологиялық үзілістерге әкеліп соғады, - деп атап өтті сенатор.

Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысына жұмыс сапары барысында инфрақұрылым мәселелеріне, оның ішінде заманауи жылу электр орталығын салуға ерекше назар аударғанын еске салды.

Сондай-ақ Үкіметке Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша жұмыс тобының құрамын нақтылауды, сондай-ақ жылумен қамту нысандарын қаржыландыру мәселелерін пысықтауды ұсынды.

Бюджет қаражатын пайдалануды оңтайландыру мақсатында жылу энергетика жүйесін реттеу саласындағы функцияларды бір мемлекеттік органға орталықтандыру мүмкіндігін қарастыруды және ЖЭО-3 құрылысы бойынша жұмыс тобының құрамын жаңартып, оның құрамына Парламент депутаттарын қосуды ұсынамыз, - деді Байахметов.

Өзгелердің жаңалығы