Абай облысында қар құрсауында қалған жедел жәрдемге көмек көрсетілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бородулиха ауданы, Михайличенково ауылы маңында жедел жәрдем көлігі науқаспен бірге қар құрсауында қалды. Құтқарушылар дереу жетіп, науқасты аудандық орталық ауруханаға жеткізді, - делінген хабарламада.
ТЖМ қызметкерлері төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлау қажеттігін еске салады.