Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды

28 Қазан 2022, 13:00
1775
Бөлісу:
Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды

Сараптама комиссиясы облыстың үздік логотипі мен брендбукіне арналған конкурсты қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның құрамында қоғам, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар. Дауыс беру нәтижелері бойынша «Семей коркем» жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды.

Жұмыстың негізгі идеясы – нақты негізделген геометриялық сызықтары бар стильді және заманауи логотип. Жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылды. Міндеттердің бірі – ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған.

Екінші және үшінші орын – «Артекс» компаниясы мен жеке тұлға Ш.Ақановтың иелігінде. «Артекс» компаниясының нұсқасында стильдендірілген А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді. Ш. Ақановтың жұмысында басты идея – Семей қаласы, Алашорданың астанасы, әйгілі аспалы көпір – облыс сәулет өнерінің маржаны.

Сараптамалық комиссия барлық жұмыстарды эстетикалық және идеялық мазмұн мен визуалды қабылдау тұрғысынан зерттеді. Сондай-ақ логотип пен брендбукты пайдалану бойынша кешенді тәсіл мен ұсыныстар назарға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының үздік логотипі мен брендбук байқауы 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтті. Конкурсқа қатысу үшін барлығы 28 автордан 47 жұмыс келіп түсті.

Брендбук - бұл корпоративті сәйкестендіру элементтерін қолдануға арналған толық нұсқаулық. Ол мәдени-тарихи мұраны ескере отырып, облыстың имиджін танымал етуге және оның жеке ерекшеліктерін бекітуге ықпал етеді. Брендбук облыстың Гербі емес және жарнамалық, маркетингтік, спорттық, туристік, мәдени және басқа да іс-шараларда қолданылады.

Іс-шаралардың сипатына байланысты брендті танымал ету мақсатында түс схемасы өзгеруі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы