Абай облысында түрмеде отырған азамат сүйіктісімен заңды некеге тұрды

16 Сәуір 2023, 20:10
2385
Бөлісу:
Абай облысында түрмеде отырған азамат сүйіктісімен заңды некеге тұрды
Фото: polisia.kz

Ресми рәсім Семей қалалық АХАЖ бөлімінде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысындағы №21 мекемесінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталған Т. есімді азамат бостандықта танысқан сүйіктісімен заңды некеге тұрды. Іс-шара қарапайым өтті. Жас жұбайлар құжаттарға қол қойып, сақина алмасу арқылы қарым-қатынастарын нығайтты.

Мекемелерде жақын адамдармен кездесуге рұқсат етіледі. Алдағы күндері, әрине, мекеменің ережесіне сәйкес, әйеліммен кездескім келеді. Мені бостандықта сүйетін, күтетін заңды жарым бар деген ой жанымды жылытады, – дейді Т. есімді азамат.

Жалпы, мекеме тарихында жақындарымен тағдырын байланыстырған сотталғандар аз емес.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандардың некегелерін қолдаудың басты мақсаты – олардың бойында отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін ояту, сол арқылы сотталғандарды тәрбиелеу үдерісіне ықпал ету, – дейді сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің аға инспекторы Елес Мұхамедиев.

Өзгелердің жаңалығы