Абай облысында тағы бір аудан ашылуы мүмкін

1 Маусым 2023, 21:50
1079
Бөлісу:
Абай облысында тағы бір аудан ашылуы мүмкін
Фото: gov.kz

40 жыл ядролық сынақтың зардабын тартқан Абыралы ауданының халқы бұрынғы аудан мәртебесін қайтаруды сұрап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған барлық мүмкіндік бар дейді. Әкімшілік, әлеуметтік нысандар бұзылмай сақталған. Мал өсіруге жайылым жеткілікті. Тіпті кейінгі жылдары жаңа кен орындары көбейген. Алайда әкімшілік-аумақтық орналасуы тым шалғайда. Семейден 300 шақырым жерде орналасқан. Кейінгі жылдары халық саны азайып, тіпті бірнеше ауыл жабылған. Қазір небәрі алтауы ғана қалып отыр. Бұл мәселені енді арнайы топ зерделейтін болды.

Ұсыныстардың барлығын тыңдап, содан әрі қарай зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Содан кейін бір шешім қабылданады. Халықтың санына да қарау керек. Әр ауылдың өзінің даму әлеуеті де болуы керек. Соны да зерделеп қараймыз, - дейді ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов.

Өзгелердің жаңалығы