Абай облысында су айдынына мал суғаруға тыйым салынды

11 Қараша 2023, 16:05
646
Бөлісу:
Абай облысында су айдынына мал суғаруға тыйым салынды

Абай облысында енді малды кез келген су айдынына суғаруға тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын суғаруға санитарлық қорғау аймағынан тыс су объектілерінде және судың ластануы мен бітелуіне жол бермейтін суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болған кезде рұқсат етіледі.

Абай облыстық мәслихаты өз шешімімен жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескермей, облыстың барлық су айдындарында суғаруға тыйым салған жануарларды ұстау ережелерін бекіткен.

Бұл шешімнің өзі заңсыз ғана емес, оны орындау да мүмкін болмады, себебі ол мал өсірушілерді су айдындарына табиғи қол жетімділіктен айырады және малды суғаруды қиындатады. Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша Ереженің талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді, - деп хабарлады Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осылайша, 7 000 шаруа қожалық және жеке тұлғалардың шексіз тобының құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы