Абай облысында шегірткенің кесірінен егіс алқаптары зардап шеккені рас па

14 Маусым 2024, 13:04
274
Бөлісу:
Абай облысында шегірткенің кесірінен егіс алқаптары зардап шеккені рас па
Фото: Абай облысының әкімдігі

Ауыл шаруашылығы егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство Абай облысындағы жағдай бақылауда екеніен атап өтті. Олардың сөзінше, 2024 жылы Абай облысының аумағында 59,26 мың га алқапта үйірлі шегірткелердің таралуы болжануда.

Бүгінгі таңда мониторингтік іс-шаралар барысында 336 мың гектардан астам аумақ зерттелді, оның 36 мың гектары өңделуге жатады.

Аймақта химиялық өңдеу 5 маусымда басталды. Арнайы бүріккіш техниканың 12 бірлігі, оның ішінде 9 жерүсті желдеткіш бүріккіш, 3 аса жеңіл авиация көлігі пайдаланылуда. Барлық қажетті препараттар бар. Қазір Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар, Жаңасемей аудандарында 34 мың га алқапта химиялық өңдеу аяқталды. Ауыл шаруашылығы егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ. Өңірдегі жағдай бақылауда. АШМ тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы