Абай облысында қос жолдың құрылысы қайта жанданды

18 Шілде 2022, 22:06
994
Бөлісу:
Абай облысында қос жолдың құрылысы қайта жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай облысының тұрғындарын біраз жылдан бері әуреге салған «Қалбатау-Майқапшағай», «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» бағытындағы республикалық жолдарда құрылыс қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар24».

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы мен министрлік өкілдерінің айтуынша, биыл «Қалбатау-Майқапшағай» жолының  250, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының 100 шақырымына асфальт төселеді. Екі жолдың да құрылысы 2023 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Жолдарды қытайлық компания салып жатыр.

Осы жолдарды толықтай қытай компанияларының құзырына бердік. Келесі жылдың соңына дейін халыққа пайдалануға беруі тиіс. Оны өзіміз жан-жақты қадағалап отырамыз. Халықты бір сұрақ толғандырады, неге қытай компаниялары деген. Оларды ауыстырып жолды қайтадан бастауға болар еді. Бірақ біз тағы да екі жарым-үш жыл уақыт жоғалтамыз, – дейді «Қазавтожол» ҰК басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі жолды тез аяқтау міндет екендігін айтты.

Абай өңірінде қазіргі таңда 600 шақырымға жуық жолдар жаңартылып жатыр. Тез арада аяқтау біздің міндетіміз. Соны мұқият бақылайтын боламыз. 170 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биылға осындай жоспар бар, – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмас Ыдырысов.

Өзгелердің жаңалығы