Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында қоқыс полигонында өрт шықты

18 Мамыр 2025, 21:51
598
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Семей қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында өрт шықты. Қатты жел салдарынан жалын құрғақ шөпке тараған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ қызметкерлері құрғақ шөптегі өртті сөндіріп, 2 гектар аумақтағы қоқыс қалдықтарын сөндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде өрт оқшауланды.

Жерді қалпына келтіру және топырақпен көму жұмыстары қатар атқарылуда.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы