Абай облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында полиция қызметкерлері тұрақты жұмыс жүргізуде.
Жыл басынан бері өңірде алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге байланысты 5 557 фактінің жолы кесілді.
Полиция мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.
Сонымен қатар жыл басынан бері тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарламасыз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың 132 фактісі анықталды.
Алкоголь өнімдерін өткізу саласында да 203 заң бұзушылық тіркелді.
Полиция кәсіпкерлерді алкоголь өнімдерін өткізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, ал азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.