Абай облысында қатты жел жүк көлігін аударып тастады

20 Желтоқсан 2023, 18:27
462
Бөлісу:
Абай облысында  қатты жел жүк көлігін аударып тастады
Фото: скрин

Абай облысындағы тас жолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді.

Жүргізушіге полиция қызметкерлері Оразбаев пен Мұхамеджанов көмекке барған.

Жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы, ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді. 

Полицейлер жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгініп, кюветтен көлікті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді. Шетелдік полицейлерге ризашылығын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы