Абай облысында қардың көп еруі себепті аулаларды су басты

11 Ақпан 2024, 22:14
701
Бөлісу:
Абай облысында қардың көп еруі себепті аулаларды су басты

11 ақпанда таулы беткейлерден қардың көп еруі себебінен көше бойында орналасқан арықтардың еріген сулармен толуы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Салдарынан "Көк Кемер" қыстауындағы 5 аула учаскесін және Ақсуат ауданының Қызыл-Кесік ауылындағы 7 аула учаскесін су басты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, арықты мұз кептелістерінен тазарту жұмыстары менинертті материалы барқапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Су басу орындарында Абай облысының ТЖД мен жергілікті атқару органдарының 30 жуық адам және 7 бірлік техника, 4 мотопомпа жұмыс атқарып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы