Абай облысының полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды .
Күдікті қамауға алынды.
Аталған факт ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жағдайлар анықталып жатыр.