Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында орманшылар жалған дипломмен жұмыс істеп келген

15 Қараша 2024, 10:54
644
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады, - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Өзгелердің жаңалығы