Абай облысында мектеп түлегі туризмді дамытуға бағытталған қосымша әзірледі

20 Қазан 2024, 07:15
573
Бөлісу:
Абай облысында мектеп түлегі туризмді дамытуға бағытталған қосымша әзірледі
Фото: Абай облысының әкімдігі

Семей қаласындағы №7 мектептің түлегі Нұрлыхан Маратов инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірегей веб-қосымша құрды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жоба "Ақылды қала" бағдарламасы аясында жасалған. Ол болашақта салынатын инфрақұрылым объектілерін жобалау мен жоспарлауға көзқарасты айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді.

Қолданба пайдаланушыларға AR арқылы мобильді құрылғылардағы жобалардың 3D үлгілерін елестету мүмкіндігін береді. Құрылғы көмегімен болашақ ғимараттардың немесе ескерткіштердің 3D үлгісін жүктеп алу үшін QR кодын сканерлеп, нысанның әрбір элементін жан-жақты бағалай отырып, оларды нақты ортада көруге болады. Вертуалды шындықтың арқасында пайдаланушылар шешім қабылдауға қатыса алады. Мысалы, ескерткіштер немесе ғимараттар салуғы дауыс беріп, тіпті оларды жүзеге асыру үшін қайырымдылық жасай алады.

Мен технологияның дамуына ғана емес, қоғамға да пайдалы нәрсе жасағым келді. Виртуалды шындықты пайдалану адамдарға қаламен өзара әрекеттесудің жаңа деңгейін көрсетеді. Мен үшін қосымшаны барлығына ыңғайлы етіп, қала өмірін жақсартуға мүмкіндіктер ашу маңызды болды, - деді Нұрлыхан.

Сондай-ақ, қолданба пайдаланушыларға қаланың көрікті жерлеріне қатысты ақпарат пен ойын-сауық мазмұнын, қала инфрақұрылымымен өзара әрекеттесу мүмкіндігін беретін чат-бот түріндегі виртуалды нұсқаулықты қамтиды.

Алдағы жоспарға смарт көлік жүйелерімен интеграция орнату және Қазақстанның басқа қалаларында қолдану үшін құрылғының міндеттерін кеңейту сияқты жаңа мүмкіндіктерді енгізу кіреді. Сондай-ақ, сәулет, дизайн және қала құрылысын зерттеуге, кітаптарға, практикалық сабақтарға пайдалы болатын білім беру нұсқаларын әзірлеу жоспарлануда.

Айта кету керек, Нұрлыхан QEFO.KZ, TableTech және Discover Abai туристік қосымшасы сияқты жобалардың авторы.

Өзгелердің жаңалығы