Абай облысында көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізуші ұсталды

5 Қаңтар 2025, 01:30
196
Бөлісу:
Абай облысында көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Фото: Нұркен Алишев -архив

Абай облысында мас жүргізушінің ұсталғаны патруль көлігінің бейнетіркегішіне түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке cілтеме жасап.

4 қаңтарда Жарма ауданында полицейлер патрульдеу кезінде көлікті алкогольдік масаң күйде басқару фактісін анықтады.

Патрульдік қызметкерлердің назарын Lada Priora автокөлігі аударды, оның жүргізушісі жолда қауіпті әрекеттер жасаған. Көлік тоқтатылып, тексеру жүргізілді. Медициналық куәландыру нәтижесінде 29 жастағы жүргізушінің орташа деңгейде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Енді құқықбұзушы 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы, сондай-ақ 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері мұндай құқықбұзушылықтардың қатаң түрде жолын кесетінін және кінәлілер заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Жыл басынан бері Абай облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарудың 7 фактісін анықтап, олардың алдын алды.

Өзгелердің жаңалығы