Абай облысында интернетпен қамтылған ауылдар саны көбейді

21 Қараша 2023, 13:05
461
Бөлісу:
Абай облысында интернетпен қамтылған ауылдар саны көбейді
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысында интернет желісіне қосылған ауылдардың қатары артты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай ауданының Саржал және Медеу ауылдық округтерінде интернет желісін қосу жұмысы аяқталды. 

Бүгінде Тоқтамыс, Архат, Орда ауылында желіні кеңейту жұмысы жалғасып жатыр. 

Тоқтамыс ауылында 40 метрлік антенна-бағандық құрылғы орнатылып, оған 6 шақырым электр желісі тартылып, трансформаторлық қосалқы станса қойылды. Қазір электр желісіне қосу іске асырылып жатыр. 

Осы бағыттағы жұмыс Архат ауылында да іске асырылды. Яғни ауылда 40 метрлік антенна-бағандық конструкциясы орнатылды. 

Бұдан бөлек, Орда ауылында трансформаторлық қосалқы станцияны және 30 метрлік антеннаны орнату жұмыстары жалғасуда. 2,5 шақырымдық электр желісі тартылды. 

Жоғарыда аталған ауылдық округтерде барлық жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. 

Айта кетейік, Қарауыл, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ, Көкбай, Құндызды ауылы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылып, бұл елді мекендерде ұялы байланыс және интернет желісі жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы