Абай облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші жарақат алды

Жол қозғалысы қағидаларын бұзу дерегі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

 Абай облысы ПД баспасөз қызметі 23 Қараша 2026, 22:24
23 Қараша 2026, 22:24
62
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

«Алматы – Өскемен» автожолының 902-шақырымында, Қапанбұлақ ауылының маңында екі жүк көлігі соқтығысты. Оқиға 22 қараша күні сағат 11:00 шамасында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Өскеменнен Алматыға бағыт алған 30 жастағы «Renault» жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамаған әрі алда келе жатқан «Volvo» көлігімен арақашықтықты сақтамаған. Салдарынан екі көлік соқтығысқан.

Жол апатынан «Renault» көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алды.

Жол қозғалысы қағидаларын бұзу дерегі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін сақтап, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты қатаң ұстануға шақырды.

Наверх